Меккеде қоғамдық тәртіпке әуеден бақылау жүргізіледі

ӘБУ-ДАБИ. 26 шілде. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігі полицейлер авиациясы істері жөніндегі басқарма Меккеде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көлік мәселелерін шешу мақсатында аталған қалада әуеден бақылау бағдарламасының орындала бастағандығы туралы хабарлады.

Бөлімше командирі генерал-майор Мұхаммед әл-Харби осы жылы Меккенің полицейлер авиациясы ұшу санын, соның ішінде мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы кезеңінде айтарлықтай көбейткенін атап айтты.

М. әл-Харби, сонымен қатар, полицейлер авиациясы басқармасының құрамында 250 адам қызмет істейтіндігін, қазіргі уақытта сегіз ұшақ Меккеде және бірнеше ұшу аппараттары басқа әуе базаларының резервінде орналасқандығын айтып өтті.

Корольдік билігі жыл сайын тиісті қызметтер күштері мен құралдарын жетілдіре отырып, әсіресе бүкіл әлемнен мұсылмандардың қажылыққа баруы кезінде Мекке және Медина қалаларындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлуде.