Ел азаматтық қорғаныс басқармасы Твиттерде хабарлағанындай, 230-дан астам адам зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасауда, деп хабарлады Би-би-си.
Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттерде мешіттің төбесін тесіп өткен қызыл-ақ түсті кранның бір бөлігі көрінеді.
Кейбір суреттерде қайғылы оқиғаның көптеген құрбандарының денелері түсірілген, мешіт еденінде қан ағып жатыр.
Кран мешіттің шығыс бөлігіне қатты ждел мен жаңбырдың салдарынан құлаған.
Қазір Меккеде мұсылмандардың жыл сайынғы қажылық сапарына даярлық жүріп жатыр.