деп хабарлайды Newsru.com.
Қазіргі уақытта мешітке келген қажыларды тінту жұмыстарымен бірнеше ауысымға бөлініп, 180 адам айналысуда. Олардың қолдарында қару мен жарылғыш зат анықтайтын заманауи құралдар жоқ, деп жазады The Guardian.
Мұсылман қауымның қадір тұтатын Қағбасы орналасқан қасиетті мешіттің қауіпсіздігіне жауап беруші Фаваз ас-Сахафидің айтуынша, металл мен жарылғыш зат детекторларын орнату жұмыстары басталып кеткен.
Сонымен қатар ол мешіт ішіндегі адамдар қозғалысына бақылау орнатуды ұсынып отыр. Оның ойынша, бұл міндетті әскери киім киген қаупсіздік қызметінің қызметкерлері атқаруы керек. Негізгі міндеттердің бірі - мешіт ішіне тыйым салынған тағам алып кіретін адамдарды анықтау.