Меккелік имам намаз үстінде қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті Мекке шаһарындағы мешіттің имамы намаз уақытында өмірден озды. Ол осы намаздан соң емханаға тексерілуге барғалы отырған көрінеді. Бұл туралы ummet.kz хабарлады.

Сайттың жазуынша, шейх Имдадулла Карей Меккенің батысындағы мешітте кешкі намаз бітуге таяған шағында ақтық демі үзілді. Шейхтің ұлы Юсуфтың айтуынша, әкесі қан қысымымен ауырған және жүрек ақауы да болыпты. Намаздан кейін шейх емханадағы дәрігеріне баруы керек болатын.