«Біраз уақыт бұрын берген уәде мен әділдікті қалпына келтіру туралы айтып отырмын», - деген мемлекет басшысының сөзін келтіреді Milenio газеті.
Лопес Обрадор биліктің қажетті жұмыстарды жүргізу үшін айтарлықтай қаржы көлемін бөлгенін атап өтті. Түрлі деректер бойынша, кеншілердің денелері 150-490 метр тереңдікте қалып қойған.
"Паста-де-Кончос" жарылысы 2006 жылдың 19 ақпанында таңертең болды. Құтқару операциясынан еш нәтиже шықпады. Ақпан айының соңында осы шахта тиесілі компанияның басшылығы қапаста қалып қойған кеншілердің тірі қалуы мүмкін еместігін мәлімдеді. Осыдан кейін бұл кәсіпорында көмір өндіру ісін тоқтату туралы шешім қабылданды.