Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша 76,2 келі салмақ санатында Солтүстік және Оңтүстік Америка чемпионы атағы үшін өткен 12 раундтық кездесуде ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, боксшылар өткен жылдың қыркүйегінде жұдырықтасып, ол кезде де Чавес төрешілер шешімімен чемпион атанған болатын. Дегенмен ол кезде бірқатар төрешілер жеңістің мексикалыққа әділ берілмегендігін, американдық өзінің спорттағы мансабында ең жоғары атағынан әділетсіз айырылғандығын айтқан еді.