Мексика бұрын-соңды болмаған аяздан зардап шегіп отыр

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстігін бұл елде бұрын-соңды болмаған аяз қысты, деп хабарлады ресейлік жаңалықтар қызметі.

Ауаның температурасы -10 градуске дейін жетті, ол өз алдына көптеген жол-көлік апатының орын алуына әкеп соқты. Атап айтқанда, Сьюдад-Хуарес қаласының көшелерінде көктайғақ пайда болды, ал мектептерде сабақтар болмай қалды. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша аяз әлі де бірнеше күн күшінде болмақ.