14:17, 09 Маусым 2009
Мексика доңыз тұмауы проблемасы бойынша саммит ұйымдастырмақ
МЕХИКО. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат – Мексика A(H1N1) вирусы проблемасы бойынша халықаралық саммит ұйымдастырғалы отыр.
Басқосу шілденің 1-і мен 3-і аралығында Канкун қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.Кездесуге әлемнің 40 елінің өкілдері, сондай-ақ дүниежүзілік және америкалық денсаулық сақтау ұйымының басшылары қатысады деп күтілуде. Мексиканың денсаулық сақтау министрі Хосе Анхель Кордованың айтуынша, ел вирустың ошағын ауыздықтай алды. Дегенмен, Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемнің 73 елінде аталмыш вирустың зертханалық жолмен расталған 25 мыңдай оқиғасы анықталып отыр.