Мексика қаласының мэрі қолтырауынға «үйленді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сан-Педро-Хуамелула қаласының мэрі Виктор Агуилар қолтырауын аналығына «үйленді», - деп хабарлады РИА Новости.

Рәсім алдында қолтырауынды шоқындырды, сосын ақ көйлек кигізді. Бауырымен жорғалаушы жыртқыш адамдарды жеп қоймас үшін оның жағын таңып, байлап қойды.

Жергілікті дәстүр бойынша, Сан-Педро-Хуамелула мэрлері жыл сайын қолтырауынмен некеге отырады. Аңызға қарағанда мұндай «той» балықшыларға сәттілік әкеледі.