Мексика өз ғарыш айлағын салмақ

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Мексика Юкатан түбегінде өз ғарыш айлағын салады, деп мәлім етті сәрсенбі күні елдің экономика министрінің жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі орынбасары Франсиско Пиментель. «Болашақ құрылыстың мән-жайын нақтылай түсу үшін жақын арада ол жаққа инспекциямен астронавт Хосе Эрнандес пен инженер Фернандо де ла Пенья атанады»,

деді Пименталь.

Мексика парламентінің төменгі палатасы осының алдында Мексика ғарыш агенттігін құру туралы жобаны қолдап дауыс берген болатын. Бұл жобаны жоғарғы палата 2008 жылы мақұлдаған. Ғарыш ведомствосын құру туралы ұсынысты 2007 жылы Мексика Сенатына әкесі Мексикадан кезінде эмиграция жасаған американдық астронавт Хосе Эрнандес енгізген болатын.