Бұлар - перзентхана маңында газ тасымалдаған жүк көлігі жарылысынан аман қалған сәбилер. Балалардың ата-анасын анықтау үшін ДНК тестілері жүргізіледі.
Мехико мэрі атап өткендей, нәрестелерде ауруханалық білезік болмаған. Бұл оларды ауруханаға ата-анасы әкелгенін білдіреді.
Жарылыс салдарынан бейсенбі күні мейірбике мен екі сәби қаза тапты. 73 адам жарақат алды.