Мексика полициясын жаппай кісі өлтірді деп айыптауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Мичоакан штатында болған шиеленіс кезінде мексикандық полиция қызметкерлері 22 адамды өлтірген. Бұл жайында Мексиканың адам құқықтары бойынша Ұлттық комиссиясы мәлімдеді, деп жазды Би-би-си Ресей қызметі.

Комиссия 2015 жылды мамыр айында Танхуато қаласындағы ранчода болған дау-жанжалға тергеу жүргізді.

Онда ескірткі картелінің мүшесі болуы мүмкін 42 адам және бір полиция офицері қаза тапқан еді.

Билік бұл жағдайда адам құқығының бұзылуына жол берілмегенін мәлімдеді.

Шенеуніктер екі есірткі бандасы арасындағы соғыстан зорлық-зомбылықтар болды деп сендірген еді.

Полиция өкілдері қақтығыста құрбан болғандардың картель мүшелері екенін айтқан.

Комиссия мәліметі бойынша, 40 адам атылған, бір адам өрт кезінде, тағы біреуі автокөлік астына түсіп қаза тапқан.

Сонымен қатар, ең кемі екі адам полициядан жәбір көрген. Кейбір денелердің орнын ауыстырған, өлілердің қолына тапанша ұстатып шыққан.