Заң жобасына сәйкес, жеке мұнай және газ компанияларына табыстың бір бөлігіне мексикалық мемлекеттік «Pemex» компаниясымен бірлесе мұнай мен газды өндіруге рұқсат беріледі.
Жақында бұл құжат аталған елдің Сенатымен мақұлданды.
Мексика Президенті Энрике Пенья Ньетоның сөзіне қарағанда, жеке инвестициялар энергетикалық секторды жаңғырту үшін және мұнай өндірісін ынталандыруға қажет.
Оппозициялық саясаткерлер заңды қабылдауға үзілді-кесілді қарсы пікірлерді алға тартты. Олардың пайымынша, бұл құжат елдің ұлттық мүдделеріне қайшы келеді.