АҚШ жағалау күзеті Мексика шығанағындағы Луизиана жағалауынан миллион галлоннан астам шикі мұнай ағып кетуі мүмкін суасты құбырын іздеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
108 шақырым құбырды бейсенбі күні таңертең Миссисипи жағалауынан Жаңа Орлеанның оңтүстік-шығысына қарай 31 км жерде шикі мұнай табылғаннан кейін Main pass Oil Gathering Co (MPOG) компаниясы жауып тастады.
Бастапқыда инженерлер 1,1 млн галлон мұнай ағып кетуі мүмкін деп болжады.
Жағалау күзеті қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы хабарланбағанын және ағып кету себебі тергеу сатысында екенін айтты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.