Мексика штаты сәбилерге Терминатор, Twitter, Facebook деген есімдерді беруге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ата-аналарға жаңа туған нәрестелеріне озбыр кейіпкерлердің есімін қойдыртпау үшін мексикалық Сонор штатының билігі балаға есім таңдағанда кемсіту немесе әжуа сөзді пайдалануға тыйым салатын азаматтық тіркеу туралы жаңа заң қабылдады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Тыйым салынған есімдер тізіміне 61 есім ілікті, оның ішінде Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен және т.б. бар.

Сондай-ақ жаңа заңға сәйкес, Twitter және Facebook сияқты танымал әлеуметтік желілердің атын есім ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.