Мұнай платформасы америкалық Луизиана штатының жағалауынан 140 шақырым жерде орналасқан. Мұнайдың төгілуіне ұңғымалардың бірі мен бұрғылау платформасын байланыстыратын мұнай құбырының бұзылуы себеп болды, деп жазды vesti.ru.
Қазір платформадағы бұрғылау жұмыстары тоқтатылды. Мұнай төгілуінің салдарын жою үшін арнайы жабдығы бар бес кеме тартылды.