Мексика шығанағынадағы мұнайдың төгілуіне ұңғы апаты себеп емес - British Petroleum

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Мексика шығанағында жаңа нүктеден теңізге мұнай төгіле бастағаны тіркелді. Бұл жөнінде Мексика шығанағындағы апат салдарын жою шараларына жауапты адмирал Тэд Аллен мәлім етті, деп хабарлайды РБК.

Т.Алленнің мәлімдеуінше, шығанақтағы мұнай ағып жатқан жаңа көз, апатты ұңғыдан үш шақырымдай алыста жатыр. Мұны British Petroleum (BP) мамандары да қолдап, оның апат салдарын жою жұмыстарына еш қатысы жоқ екендігін айтуда, жаңа көзден мұнай табиғи жолмен атқылап жатыр, оған техникалық әсер болған жоқ.

Сонымен қатар, Мексика шығанағында апатты ұңғыны бітеуге орнатылған қондырғының мықтылығы тексерілу үстінде. ВР мамандары жаңа қорғаныш күмбезінің ақаулығы бар ма, соны тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ жағалауындағы мұнай апаты 2010 жылғы сәуірдің 20-сында тұғырдағы метан газының жарылуы салдарынан болған еді. Екі күн өткенде тұғыр суға батып кетті де, 1,5 шақырым тереңдіктегі ақау пайда болған ұңғыдан теңізге мұнай құйылды. Апат ауыздықталған уақытқа дейін теңізге бірнеше миллион литр мұнай төгілді. Бұл АҚШ тарихындағы ең үлкен апат саналып отыр.