АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні кәсіподақ бірлестіктерінің жетекшілерімен болған кездесуде осыны айтты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Әкімшілік басшысы апатты ұңғыны бекіту жөніндегі операцияның бірінші кезеңінің сәтті аяқталғаны туралы ВР компаниясының хабарын оптимизммен қабылдады. Бұл шараның мақсаты - ұңғыны цементпен және тығын сияқты бұңғылау қоспасымен толтырып, мұнайдың төгілуін тоқтату болатын.
«Ғалымдардың деректері бойынша, сыртқа төгілген мұнайдың негізгі бөлігі химикаттардың көмегімен бейтараптандырылған немесе судан сорып алынған. Яғни, мұнайдың төгілуімен ұзаққа созылған күрес аяқталып келеді. Біз осыған қуаныштымыз», деді Обама өз сөзінде.