Мексика тұрғындарына үш метрден асатын цунами болатындығы ескертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биіктігі үш метрден асатын цунами Мексика жаққа бет алуы мүмкін. Бұл жайлы жұма күні Тынық мұхитының цунамиді ескерту орталығы хабарлады, деп жазады ТАСС.

Сонымен қатар, Гватемала, Сальвадор, Эквадор және Жаңа Зеландия жағалауларында биіктігі 0,3-тен бір метрге дейін толқын болуы мүмкін екендігі хабарланды. Австралия, Чили, Қытай, Жапония, Коста-Рики және Гондурас жағалауларында 0,3 метрден төмен толқындар болуы мүмкін.

Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының бұған  дейін хабарлағанындай, жұма күнге қараған түні Мексика жағалауында магнитудасы 8,1-ге дейін жеткен қуатты жер сілкінісі болған. Зіл заланың ошағы 482 мың тұрғыны бар Тустла-Гутьеррес қаласының оңтүстігінен 202 км қашықтықта орналасқан.