Тұтқындар түзеу мекемесіндегі қарауылға бас салып, байлап тастаған. Содан кейін түрме айналасына орнатылған металл торды кесіп, қоршауға өрмелеп шығып, өздерін күтіп тұрған таксиге мініп іздерін суытқан.
Қашқындар "Лос-Суреньос" бандасының құрамында болған. Олардың қандай қылмыс үшін жазасын өтегені әлі анықталған жоқ.