Мексика жағалауларында күшті зілзала болды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін күндіз Мексика жағалауларында тербелісі  6,4 баллдық күшті зілзала болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

Американдық сейсмологтардың деректері бойынша, зілзаланың кіндігі Мексика жағалауларынан 275 шақырым қашықтықта, Пуэрто-Вальярта қаласының оңтүстік-батысында, 4 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер мен қирап-бүліну туралы деректер түскен жоқ.