Табиғи апатқа «Мануэль» және «Ингрид» дауылдарының салдарынан болған нөсер жаңбыр себеп болып отыр. Жалпы үлкен су 24 штаттың аумағын шайып, 22 мың үй мен 4 көпірді қиратты және 32 жол бүлінген. Бұл аймақтардан билік 60 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.
10:11, 22 Қыркүйек 2013
Мексикада 100-ден астам адам су тасқынынан қаза тапты
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мексикада су тасқынынан 100-ден астам адам қаза тауып, тағы 68 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы ria.ru сайтынан хабарлады.