Сөйтіп, елде 2015 жылғы қазаннан бері тұмау салдарынан қайтыс болғандар саны 182 адамға дейін өсті. Соның ішінде 140 адам A(H1N1) доңыз тұмауынан ажал құшқан.
Тұмаудың әр түріне шалдыққан адамдардың жалпы саны 5,9 мыңды құрады, ал бір апта ішінде - 1,8 мыңға жуықтады. Тұмау әсіресе Мехико, Халиско, Тласкала және Пуэбла штаттарын, сондай-ақ ел астанасын буып тұр.
Бұдан бұрын билік тұмау салдарынан мектептерді жабудың қажеттігі жоқ деп мәлімдеген болатын. Дегенмен көптеген жеке балабақшалар мен мектептер індеттің таралуы салдарынан сабақтарды уақытша тоқтатуға шешім қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.