Мексикада АҚШ-пен шекарада орналасқан түрмеден 140 адам қашып кетті

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мексиканың АҚШ-пен шекарадағы Нуэво-Ларедо қаласындағы түрмеден 140-тан астам тұтқын қашып кетті.

Оқиға жұма күні таңертең орын алды, қазір оқиға орнына полиция мен әскерилердің қосымша күштері тартылып отыр, деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Тұтқындардың қалай қашқанын әзірге анықтау мүмкін болмай тұр, бірақ кейбір дерек көздер бойынша, олар бостандыққа түрменің орталық қақпасы арқылы шыққан. Қашқындардың көбісі есірткімен байланысты қылмыстар үшін жазаларын өтеп жатқан.

Нуэво-Ларедо АҚШ-тың Техас штатымен шекаралас орналасқан.