Мексикада әлемдегі ең үлкен шалбар тігілді

МЕХИКО. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Мексиканың Альмолойя-дель-Рио деревнясының тұрғындары ұзындығы 60 метрден асатын, ені 15 метрге жуық және салмағы 1 тоннаны шамалайтын әлемдегі ең ұзын шалбар тікті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат латынамерикандық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.Құны шамамен 3,5 мың долларға бағаланып отырған қара шалбар бұқара халыққа жексенбі күні Альмолойя-дель-Рио орталық алаңында таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шалбарды тігуге екі мың метрдей мата, 40 мың метр жіп кетті, ал 45 адам оны күніне 12 сағат отырып бір аптада тігіп шықты. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 15 мың ауыл тұрғындары жұмыссыздық проблемасына Мексика өкіметі мен әлем жұртшылығының назарын осылайша аударғысы келген. Альмолойя-дель-Рио тұрғындарының шамамен 90 пайызы мата тоқумен немесе киім тігумен айналысады, бірақ та соңғы жылдары дағдарыстың салдарынан онда бес үлкен фабрика жабылып, адамдар жұмыссыз отырып қалған. Шалбардың ұзындығы өлшенгеннен кейін, мексикалықтар алынған мәліметтерді Лондонда жөнелтті. Онда Гиннестің Рекордтар кітабының арнайы комиссиясы бір айдың ішінде жаңа рекордты бекітуі керек. Егер солай болған жағдайда, Мексика бұған дейінгі рекордты - Тунис тұрғындарының рекордын жаңартады. Тунистіктер тіккен шалбардың ұзындығы 50 метр болған.