Мексикада әскери тікұшақ құлап, барлық экипаж мүшелері қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың әскери әуе күштеріне тиесілі Agusta маркалы тікұшағы елдің орталық бөлігінде апатқа ұшырады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінен хабарлады. Барлық экипаж мүшелері - екі ұшқыш пен бортмеханик ажал құшты.

Әуе апаты Мехико штаты  Осумба-де-Альсате ауданында орын алды, деп хабарлады ТАСС. Әуе кемесі оңтүстіктегі Оахака штатынан ұшып шығып мексикалық астана әуежайына келуі тиіс еді. Қайғылы оқиғаның орын алу себептері әзірге жарияланбады.  

Мексиканың ӘӘК өкілдері қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.