Porter PC-C әзірше анықталмаған себептермен Сан-Лукас-Холокс кентінің жанында құлады. Абырой болғанда оның тұрғындарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Мексикалық ВВС-дің сарапшылары апаттың себептерін анықтау үшін оның мән-жайын тексеруде.
02:18, 24 Ақпан 2013
Мексикада әскери ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты
АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Мексикада Мехико орталық штатының аумағында жаттығулық ұшуын орындау кезінде әскери ұшақ құлап, соның салдарынан екі ұшқыш қаза тапты. Ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлағандай, қайғылы оқиға Санта-Люсия әскери-әуе базасының қасында болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.