Автобус Наярит штатындағы Компостела қаласы бағытындағы автожолда апатқа ұшыраған. Жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автобус 15 метр құздан төмен құлаған.
Қалааралық көлік Тлахомулько қаласынан (Халиско штаты) шыққан. Ол Наяри штатындағы Гуаявитос қаласына баруы тиіс болған.
Халиско штатының губернаторы Энрике Альфаро әлеуметтік желіде қаза болғандардың көбі Халиско штатының тұрғындары екенін мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.