Мексикада автобус жүк көлігімен соқтығысып, 14 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Мексиканың оңтүстігіндегі Веракрус штаты аумағында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушыларға толы автобус аударылып, жанып кетті, деп хабарлады Televisa телеарнасы.

 Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапқан.

Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.