Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, тау арқылы өтетін жолдың бір бұрылысында жүк көлігінің тежегіші істен шығып, ол автобусқа соқтығысқан. Екі машина да өртенген, ал автобус түгелдей жанып кеткен.
Жолаушылар автобусында оңтүстік Чьяпас штатынан шыққан тәу етушілер болған.
Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.