Әңгіме 2009 және 2010 жылдар кезеңінде жасалған қылмыстар жайлы. Қаскүнемдер жас қыздарды арбап алдап, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға, есірткі таратуға мәжбүрлеген. Ал әйелдер «тауарлық түрін» жоғалтқан кезде, оларды өлтіріп, мүрдесін жасырып отырған.
Осынша мерзімге сотталғаннан басқа, олар өлтірген адамдарының туыстарына келтірілген моральдық шығынның өтемақысы ретінде 550 мың доллардан астам ақша төлеуге міндетті. Мексикада 2007-2012 жылдар кезеңінде әйелдерді өлтіру саны артты, яғни 2,7 мыңға жеткен.