Мексикада бассыз жауынгер мәйіті көмілген көне мола табылды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Мексикалық археологтар шамамен, 1400 жыл бұрын басы шабылған жауынгердің мәйіті көмілген моланы ашты.

Көне бейіт Мехикодан солтүстікке қарай орта ғасыр дәуірінде Тлакопан қала-мемлекеті орналасқан аумақта табылған.

Ғалымдар көмілген адам әйгілі жауынгер болған деген пікірде. Онымен бірге жасыл тастан жасалған қымбат алқа және басқа да әшекейлер табылған. Жауынгердің бас сүйегінде суық қарудан алған жарақаттың ізі бар.