Биліктегілер бұл келеңсіз жағдайды тексеруге кірісті. Әзірге оқ жаудырғандарды оқиғаның ізін суытпай ұстаудың сәті түспей отыр. Белгілі болғаны, қылмыскерлер тобы Герреро штатының нөмірі тағылған жеңіл автомобильмен жылжыған. Ал шабуыл жасалғаннан соң көлікті тастап, өртеп жіберген.
Мексикада соңғы кезде қылмыс өршіп тұр. Тек өткен жылы 33,3 мың адамды өлтіріп кеткен.