Өлтірілгендердің кім екенін анықтау үшін айтарлықтай уақыт - 15 күннен екі айға дейінгі уақыт керек. Кейбір мәйіттер бөлшектенген, деп хабарлады РИА Новости.
Мексика билігі қаза болғандардың арасында Игуалдағы студенттердің полициямен және белгісіз қаруланған адамдармен қақтығысынан жоғалғандар болуы мүмкіндігі жайлы еш ақпарат бермеді. Сол кезде алты адам қаза болып, 25-і жарақаттанған болатын.
Осындай жаппай көмулер Мексикадан жиі табылады - көбіне-көп мәйіттер есірткі саудалаушылар арасында қақтығыстар барысында қаза болғандарға тиесілі. Аталған құпия жерлеу орындарын қылмыстық топтардың мүшелері жасаған болулары керек.