Мексикада болған әуе апаты: жоғары шенді шенеуніктер қаза тапты
08:09, 08 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Мексикада бортында жоғары шенді адамдар болған ұшақ апатқа ұшырады. Әуе апатының салдарынан барлығы 6 адам қаза тапты,
деп хабарлайды РБК агенттігі Би-би-сиге сілтеме жасай отырып.
Көз жұмғандардың арасында штат министрі Коаулиа, қала мэрі Пьедрас Неграс және олардың төрт көмекшілері бар. Оқиға елдің солтүстігіндегі Техас штатымен шекаралас ауданда орын алған. Шенеуніктер мен олардың көмекшілері дауылдан зардап шеккен мексикалық «Алекс» ауданын төбеден бақылау үшін ұшқан.