Мексикада дүлей құйын 11 адамның өмірін жалмады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Сьюдад-Акунья қаласында құйын соғып, 11 адам қаза тапты, деп жазады Би-би-си.

Дүлей құйын 100-ден астам үйді қиратып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, қаланың астаң-кестеңі шыққан: көшеде сынған ағаштар, зақымдалған көліктер мен адамдардың мүрделері жайрап жатыр.

Коауила штатында табиғат апатының салдарын жою штабы құрылған.