Мексикада екпеден кейін екі бала қайтыс болып, 40-тайы ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада екпеден кейін аллергиядан екі бала көз жұмып, 37 бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Чьяпас штатының үкіметі.

Қайғылы оқиға Мексиканың кедей штаты Ла-Пимьента елді мекенінде орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша екпеден кейін дәрі балаларға күрт аллергиялық әсер берген, салдарынан екі бала өмірімен қош айтысты.

Ауруханадағылардан бір бала ауыр халде жатыр, 14-інің жағдайы орташа ауыр. Ұлттық вакцинация бағдарламасына сәйкес барлығы 52 балаға екпе жасалған, тергеу амалдары жүргізілуде.