Мексикада футбол матчында белгісіз біреу көрермендерге оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Чильпансинго қаласында өткен әуесқойлар лигасының матчында төрт қарулы адам көрермендерге оқ жаудырған, деп хабарлайды ТАСС.

MVC Noticias радиостанциясының ақпараты бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі жараланған. Ол ауыр халде ауруханада жатыр.

Атыс Герреро штатында болған,  бұл өңір Мексиканың ең қауіпті ауданы саналады.