Мексикада газ құбырында жарылыс болды, екі мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада Pemex компаниясының газ құбырында жарылыс болды, деп хабарлады Excelsior газеті. Тілсіз жау газ құбырының шамамен 500 метрін шарпыған.

Оқиғадан кейін екі сағат ішінде жақын орналасқан жердегі елді мекендерден 2000-нан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Отты ауыздықтау кезінде үш өрт сөндіруші жапа шекті.

Pemex компаниясының сарапшылары мен Мексика прокуратурасының қызметкерлері болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.