Мексикада Головкинді полиция эскорты алып жүрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өз твиттерінде Головкин екеуінің Мехикоға полиция күзетімен барғанын жазды, деп хабарлады Sports.kz.

«Головкиннің Мехикоға сапары тамаша болды, бізге тезірек жүруге мүмкіндік берген полиция эскортына рақмет», деп жазды Том.

Мексика астанасында Г.Головкинге WBC чемпионы белдігі салтанатты түрде табысталды.

WBC белдігін алу туралы Г.Головкин өзінің Instagram желісіне жазып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді: «Ақыры мен өзімнің көк белдігімді алдым. Әлемдегі барша жанкүйерлеріме қолдау білдіргендері үшін рақмет!».