Мексикада халық санағы барысында есімі ерекше адам табылды

АСТАНА.  Шілденің 31-і. ҚазАқпарат -   Мексикада   халық  санағы  барысында есімі ерекше адам   анықталды.     Елдің солтүстік-шығысында  орналасқан  Коауила   штатында     есімі  41 әріптен  тұратын  адам     табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат   «РИА «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Толық есімі - Брхадаранякопанишадвивекачудамани Эрре Муньос-Лопес (Brhadaranyakopanishadvivekachudamani Erreh Munoz Lopez)  деген    азамат,  жергілікті басылымдардың айтуынша, Гиннестің   рекордтар кітабына енуге  лайықты.   Айтылуы мұншалықты қиын  есімді  оған  үнді    әдебиетін   оқуға  әуес болған  әкесі Рефухио Муньос  қойған  екен,    бұл  есім  «шынайы,   нағыз  адам»  деп аударылады.