Мексикада Хидалго қаласының мэрін өлтіріп кетті

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Мексиканың Тамаулипас штатында белгісіз біреулер Хидалго қаласының мэрін атып өлтірді.

Ел президенті Фелипе Кальдеронның өкілдері хабарлағандай, қарулы бір топ адамның шабуылының нәтижесінде мэр Марко Антонио Леал Гарсияның қызы да зардап шеккен, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Қылмыстың ауаны әзірге белгісіз, бірақ та тәртіп сақшылары бұл қылмысқа есірткі картельдің қатысы болу ықтималдығын жоққа шығармауда.