Мемлекет басшысының айтуынша, бұл «соңғы 15 жылда» Pemex-тің құрлықта тапқан ең ірі кен орны саналады.
«Бұл жерде мұнай өндіру таяу арада басталады», - деп атап өтті Пенья Ньето. Сондай-ақ, ол кен орнының компания инфрақұрылымына жақын жерде орналасқанын тілге тиек етті.
El Universal газетінің электрондық нұсқасы атап өткендей, қазіргі таңда Pemex мұнай өндіру деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бұл айда компания орта есеппен күніне 1,7 млн баррель өндірген.
Фото:© AP Photo/Felix Marquez