300-ге жуық полицей кәсіби жарамдылыққа өткізілген тесттен өте алмай қалып отыр. Тағы 500-ге жуық тәртіп сақшысы қайта дайындау курстарына жіберілді, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Полицейлер нашақорлыққа, негізсіз табыс көздеріне тексерілді, ақыл-ой қабілеттері тестіленді.
Оған қоса, 250-дей қызметкерге олардың артық салмақтарына байланысты ескерту жасалған.