Мексикада көңіл көтеретін орталықта 17 адамды өлтіріп кеткен

АСТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат - Мексиканың Коауила штатындағы көңіл көтеретін орталықта белгісіз біреу оқ жаудырып,

17 адамды өлтірген, 10 адамды жарақаттаған, деп хабарлайды Лента.ру агенттігі AFP -қа сілтеме жасай отырып.

Жергілікті билікке сілтеме жасай отырып AFP -дың хабарлауынша, оқиға жексенбі, шілденің 18-і күні таңертең қала сыртындағы Торреон қаласында орын алған. Қаза тапқандардың саны 20 мен 30 аралығында.

Адамдарға жасалған шабуыл демалыс күндері түрлі кештер өткізілетін көңіл көтеру орталығында болғандығы анықталып жатыр.

Оқиға куәгерлері атыс басталардың алдында «барлығын өлтіріңдер» деген дауысты естіген.