Мексикада көше бандылары иттер мен мысықтарды айуандықпен өлтіруде

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Мексикада жануарларды қорғаушылар биліктен көше бандылары тарапынан иттер мен мысықтардың рәсімдік өлтірілуіне қатысты тергеу амалдарын жүргізуді талап етті.

Леон-де-лос-Альдама қаласы билігіне арнаған петицияда белсенділер бандылардың бірі буаз итті өлімше етіп ұрып-соққанын және мысықты тірідей өртеп жібергенін атап өткен.

Жануарларды қорғаушылардың мәліметінше, аталмыш топтар мүшелері бастамасының келесі сатысы адамдарды ұрумен жалғасады.

Жыл сайын Мексикада көше бандылары жүздеген адамдарды өлтіреді екен.