Көшеге шыққан жұрт биліктен өткен айда бейбіт шеруден кейін із-түзсіз жоғалып кеткен 43 студентті тез арада тауып, шара қолдануды талап етіп тұр. Уақыт өткен сайын наразы халықтың ашу-ызасы күшейіп, тәртіпсіздік үдеп барады.
Ереуілдерді ұйымдастырушылар шенеуніктерге егер жақын арада жастарға қатысты мәселе оң шешім таппаса, онда мемлекеттік мекемелерді шаға бастайтынын ескертіп жатыр.