Мексикада полицей қолтырауын атқаны үшін қызметінен кетті
07:40, 31 Наурыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат -YouTube әлеуметтік желісінде Мексикада қолтырауынды атқан полицей туралы бейнематериал жарыққа шыққан соң, жергілікті билік тәртіп сақшысын қызметінен босатты, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.
Мексикада қолтырауын аулауға заң бойынша тыйым салынған. Енді полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Алайда, жергілікті БАҚ аталған оқиға орын алған Синалоа штатында қолтырауындар қарапайым тұрғындардың өміріне қауіп туғызып келетінін жазған.