Мексикада пойыздардың соқтығысуы салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті

МЕХИКО. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Мексикада қала маңына қатынайтын екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Оқиға Мексика штатының елордалық федералдық округпен шекаралас аумағында орын алған. Оқиға орнынан 170 адам құтқарылып, жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, пойыз екі рет туннельде тоқтаған, екінші мәжбүрлі аялдау кезінде апат орын алған. Арнайы комиссия апаттың себебін тексеруге кірісті.