Осы оқиға куәгері болғандар жанұшырып жағаға малтыған адамды видеоға түсірген. Жағада тұрғандардың бірі қолтырауынға үлкендеу зат лақтырады. Содан кейін су жыртқышы бағытын өзгертіп, саяхатшы аман қалады.
Бұл оқиға Мексиканың Сиан-Каан биологиялық қорығының аумағында болған. Видеоны түсірген автор бұл адамдарға қорық маңында сақ болу керектігін тағы бір рет көрсетті деп ескерту жасаған.